Главная Контакты Найти нас
Тренажерный зал
Аэробный зал
Наши инструкторы
Спортивное питание
Расписание
Инфракрасная сауна
Турбо Солярий
Вакансии
Цены

Маса мен аю


"Аю мен маса" ертегісі

«Күншуақ» балабақшасы

Аю мен маса

(ертегісінің желісі)

Қазақ тілі пәні мұғалімі : А.М.Утегенова

2016- 2017 оқу жылы

« Аю мен маса»

( ертегісінің желісі)

Рөлдерді сомдайтындар:

Аю: Айнара

Түлкі: Индира

Қасқыр: Мадина

Маса: Мейрамгүл

Мақсаты: Ертегі желісі арқылы сахналандырып,театр арқылы кейіпкерлерді бейнелеуге үйрету. Ертегілерді тыңдауға, түсінуге, көруге талпындыру. Балалардың бойына мейірімділік пен достық сезімдерін ояту.іс- қимылдарын мәнеріне келтіріп ойнай білуге дағдыландыру, есте сақтау қабілетін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Көрнекілігі: Табиғат құбылысы бейнеленген сахна, орман аңдарының костюмдері, шыршалар,

Ортаға билеп сыбызғысын тартып қоян шығады. Алдынан шыққан аю: «сыбызғыңды ойнап көрейін» деп тартып алады.

Қоян: « Берші, сыбызғымды берші»- деп аюдың соңынан жүгіре жөнеледі.

Аю: Сенікі болса. енді менікі, «сыбызғыңды бермеймін»- деп тартып кете береді.

Қоян: «Сонда қалай болғаны»?- деп басы салбырап жылап келе жатқан кезде алдынан түлкі шығады, Қоян « сыбызғым, сыбызғым»-деп жылайды

Түлкі: Неге жылайсың балақай?- Не болды?

Қоян: Аю сыбызғымды тартып алды.

Түлкі: «Қандай жаман аю еді»- деп қоянды соңынан ертіп аюға жол тартады. Жүр аюға барып сөйлесіп келейік.

Түлкі: Ай, аю сен неге өзіңнен кішкентайды ренжітесі? Ондай әдепсіздік жасауға бола ма? Ұялсаң нетті? Сен неге мені тыңдамайсың? Мен сенімен сөйлесіп тұрмын ғой. Құрбым сыбызғыңды ойнауыңды қой!

Аю: Неге сен маған айғайлайсың? айқайлай берме, саған айқайласам ше?-деп айқайға басады.

Түлкі: Неткен әдепсіздік, мұны қалай түсінуге болады, бұлай жасауға болмайды дейді.

Қоян: Аю енді сыбызғымды қайтармайды ма?

Түлкі: Өзіңе де обал жоқ Өз заттарыңа мұқиат болып, бермеу керек еді. Енді кінәлі өзің, өзің ал деп кетіп қалады. Қоян жылап қала береді. Бір кезде қасқыр шығады.

Қасқыр: Неге жылап отырсың?

Қоян: Аю сыбызғымды тартып алып бермей қойды-дейді қасқырға.

Қасқыр: Жәй әзілдегені шығар, ойнап болған соң қайтарар.

Қоян: Жоқ әзіл емес қайтармайды деп жылаңқырайды.

Қасқыр: Жә,жә болар мен аюмен өзім сөйлесейін –деп жүре түседі.

Қоян: Түлкі де сөйлесіп көрген , бірақ аю оны тыңдамады-деді

Қасқыр: Ол түлкі ал мен қасқырмын. Біз аю екеуміз бұрыннан доспыз.

(Аю болса, сыбызғысын тартып тастың үстінде отыра береді)

Қасқыр: Аю сәлем!

Аю: Не керек саған?

Қасқыр: Қоянның сыбызғысын тартып алғаның не? Қайтар, балақайды ренжітпе.

Аю: «Немене?» - деп қасқырға одрая қарайды.

Қасқыр: Кішкентай емессің ғой, баланың ойыншығын өзіне қайтар-дейді.

Аю: Сыбызғыда ойнап жатқанда қасыма тағы біреу келетін болса, сол сазайын тартады, кет қане!

Қасқыр: Қашып келе жатып: бүгін көңіл күйі жоқ сияқты ғой аюдың, сыбызғыны ойнап,ойнап жалыққан соң қайтарар-деп кете барады.

Қоян: Ол менің сыбызғым ғой.

Қасқыр: Сенікі болса бар да аюдан өзің тартып ал, мені өз шаруаңа араластырма? Ұқтыңба?-дейді. Қоян болса жылап отыра кетеді, сол мезетте қасына маса келеді.

Маса: Әй неге жылап отырсың?

Қоян: Сен кімсің?

Маса: Мен масамын

Қоян: Саған не керек?

Маса: Не болушы еді, мен саған көмектескім келеді.

Қоян: Сен бе? Көмектесемін деймісің –деп мысқылдай күледі.

Маса: Әй неге күлесің?

Қоян: Түлкі көмектесемін деп көмектесе алмады, қасқырдың да шамасы келмеді, ал сен тіпті көмектесе алмайсың ғой.

Маса: Неге көмектесе алмайды екенмін-дейді таңырқап.

Қоян: Себебі сен кішкентайсың, ал ол үлкен.

Маса: Мен кішкентай болсамда батылмын. Сені кім ренжіткенін айт қане?

Қоян: Аю –дейді мұңайып.

Маса: Аю саған не істеді?

Қоян : Сыбызғымды тартып алды.

Маса: Мені осында күт!- Ешқайда кетпе!- қазір аю кешірім сұрауға келеді және сыбызғыңды алып келеді-деп кетіп қалады.

( Аю тастың үстінде сыбызғы тартып отыр екен).

Маса: Әй, аю қоянның сыбызғысын қайтар, әйтпесе өз обалың өзіңе.

Аю: Мазамды алма!

Маса: Түсінікті,қазір көресің деп аюды шағып алады.

Аю: Мұның не ? ауыртып жібердің ғой.

Маса: Қоянның сыбызғысын қайтар-деп әрі қарай шаға береді.

Аю: Ой,ой деп қаша жөнеледі. Маса аюдың соңынан қуа жөнеледі, сыбызғыны қайтарасың ба?

Аю: Қазір ұрып өлтірем деп аю масаны қуып келе жатып ағашқа түйісіп құлап түседі ( ашуға булыққан аю қолына таяқ алып масаны қуа жөнелген кезде бұтаға шалынып құлап түседі.)

Маса: Сыбызғыны қайтар, қайтар дедім ғой дейді .- сөзіне құлақ түрмеген аю қолына тас алып масаны қуып келе жатып биік шыңнан құлап түседі.

Маса: Сыбызғыны қайтар –дейді

Аю: Жоқ!

Маса: « А-а онда өзің біл»!-деп аюдың құйрығынан шағып шыңнан құлатады.

Маса: Сыбызғыны қайтар!-дедім ғой саған-дейді.

Аю: Жарайды, қайтарармын –деп сыбызғыны алып күлімдей қарап қоянға сыбызғыны әкеліп береді. Қоян, қоян кешір менікі дұрыс болмады, мә сыбызғыны ала ғой.

Қоян: Мүмкін емес! Сыбызғысын алып мәз болып секіріп билейді,қуаныштан алақай рахмет саған деп аюға ризашылығын білдіреді.

Маса: Көрдің бе? Аю өте мейірімді екен ,сыбызғыңды қайтарып кешірім сұрады, ал сен кішкентайсың шамаң жетпейді деп едің. Ең бастысы ебін тапсаң болды.

Қоян: Аюды сыбызғымды қайтаруға қалай көндірдің?

Маса: « Мәселе үлкен кішілікте емес, сендіруде»-деп жауап береді.

Аю: Енді масаның достарын ренжітпеймін-дейді аю.

infourok.ru

Ертегі "Маса мен аю"

Қоян орманда сырнайын тартып ән салып жүреді. Кенет қасына аю келеді.

Аю: Сыбызғыңды ойнап көрейінші деп қояннан тартып алады.

Қоян: Бер әкел, берші, бұл менің сыбызғым ғой.

Аю: Сенікі болса, енді менікі болады дейді.

Қоян: Сонда қалай болғаны.

Аю сыбызғыны тартып алып кете барады. Ал қоян болса басы салбырап жылап қала береді. Кенет қасына түлкі келеді.

Түлкі: Неге жылайсың балақай, не болды?

Қоян: Аю мені ренжітті, сыбызғымды тартып алды.

Түлкі: Қандай жаман аю еді. Жүр аюға барып сөйлесейік.

Түлкі мен қоян аюға келеді.

Түлкі аюға: Ей, аю сен неге өзіңнен кішілерді ренжітесің. Мұндай әдепсіздік жасауға бола ма? Сен неге мені тыңдамайсың, сенімен сөйлесіп тұрмын ғой, мына сыбызғыда ойнауыңды тоқтат деп айқайлап жібереді.

Аю: Ееее, сен неге маған айқайлайсың, ал саған айқайласам ше деп аю бақырып жібереді. Қоян мен түлкі қаша жөнеледі.

Түлкі: Неткен әдепсіздік, болай етуге бола ма екен.

Қоян: Аю енді сыбызғымды қайтармай ма?

Түлкі: Өзіңе де сол керек, өз заттарыңа мұқият болып, ешкімге бермеу керек. Кінәлі өзің, өзің шеш деп кетіп қалады.

Ал қоян болса жылап қала береді. Қасына қасқыр келеді.

Қасқыр: Неге жылайсың?

Қоян: Аю сыбызғымды тартып алып, қайтармай жатыр.

Қасқыр: Жәй әзілдегені шығар, ойнап болған соң қайтарар.

Қоян: Жоқ әзіл емес.

Қасқыр: Жүр аюмен барып сөйлесейік.

Қоян: Түлкі де сөйлескен, бірақ аю оны тындамады.

Қасқыр: Ол түлкі, ал мен қасқырмын. Біз аю екеуміз бұрыннан доспыз дейді де, аюға келеді.

Қасқыр аюға: Аю сәлем! Қоянның сыбызғысын қайтар. Балақайды ренжітпе.

Аю: Немене?

Қасқыр: Кішкентай емессің ғой, қоянның ойыншығын қайтесің.

Аю: Осыдан сыбызғыда ойнап жатқанымда тағы біреу келетін болса, сол сазайын тартады. Кет қане деп бақырып жібереді.

Қасқыр мен қоян қаша жөнеледі.

Қасқыр: Бүгін көңіл күйі жоқ сияқты, сәл күте тұр. Сыбызғыда ойнаудан жалыққан соң өзі-ақ қайтарып берер.

Қоян: Ол менің сыбызғым ғой.

Қасқыр: Сенікі болса бар да аюдан өзің тартып ал. Ал мені өз шаруаңа араластырма деп кетіп қалады.

Қоян болса жылап қалып қояды. Қасына маса ұшып келеді.

Маса: Әй, не болды, неге жылайсың?

Қоян: Сен кімсің?

Маса: Мен масамын.

Қоян: Саған не керек?

Маса: Саған көмектескім келеді.

Қоян: Сен бе? Көмектесем дейсің бе? – деп күліп жібереді.

Маса: Неге күлесің?

Қоян: Түлкі көмектесем деді көмектесе алмады, қасқырдың да шамасы келмеді. Ал сен тіптен көмектесе алмайсың.

Маса: Неге көмектесе алмаймын?

Қоян: Себебі сен кішкентайсың, ал ол үлкен.

Маса: Кішкентай болсамда батылмын. Сені кім ренжітті?

Қоян: Аю ренжітті.

Маса: Ол не істеді?

Қоян: Сыбызғымды тартып алды.

Маса: Мені осында күт, қазір аю кешірім сұрауға келеді және сыбызғыңды қайтарып береді.

Маса аюға келіп: Әй, аю қоянның сыбызғысын қайтар, әйтпесе өз обалың өзіңе.

Аю: Мазамды алма.

Маса: Түсінікті. Қазір көресің деп аюға тиісіп шаға бастайды. Аю қаша жөнеледі, ал маса қуады. Қашып келе жатып аю құлап түседі.

Аю: Жарайды қоянның сыбызғысын қайтарып беремін.

Аю мен маса қоянға келеді: Қоян мені кешір, менікі дұрыс болмады, мінекей сыбызғыңды ала ғой деп қайтарып береді.

infourok.ru

Аю мен маса - Ертегілер - Bilim - All

Алпамсадай аю жұдырықтай қоянды ұстап алып, ешбір жазықсыз құлағынан тартып қинайды. Тіпті бір құлағынан бұрап, жұлып тастай жаздайды. Қоян қатты қапаланады.

         — Құлақ жазылар, көздің жасы құрғар-ау, бірақ кегім тарқамас! Не үшін қорлық көрдім! Маймақ аяққа кездесіп қалсам, құримын ғой! Оған жұлғыза беруге құлағым шыдай ма! Аю осы ормандағы аңдардың ең күштісі, мұңыңды кімге барып шағарсың? Қасқыр мен түлкі де оның араларынан қыл өтпейтін сыбайлас достары! Енді кімнен қорғаныш табармын! – деп жылайды ол.

         Сол уақытта қалың қамыс ішінен:

         — Маған қорғала! – деген бір жіңішке дауыс шіңк ете түседі. Қоян сол көзінің қиығын тастап еді, маса екен.

         — Сен қандай қорғаныш бола аласың? — Ол - аю, сен шіркейсің. Аюға не істей алмақсың сен? Сенде қаншалық күш бар, байғұс-ау! – дейді қоян.

         — Мен оған ұйқы бермеуге жараймын, – дейді маса.

         Ыстық орман ішінде аю жанын қоярға жер таппайды. Әбден қалжыраған соң, бүлдірген жапырағының үстіне жатып дем алмақшы болады. Көзін жұмғаны сол еді, нақ құлағының үстінен:

         — Ызың-ң-ң! Ызың-ң-ң! – деген дыбыс естіледі. Аю масаның даусы екенін тани кетеді. Масаның мұрнына келіп қонатын мезетін күтіп, әзірленіп жатады. Маса айнала ұшып жүреді де аюдың тұмсығына келіп қонады. Маймақ аяқ ойланып жатпайды, бар күшін салып, сол жақ табанымен мұрнын ұрып кеп қалады. «Аюдың тұмсығына қонудың немен тынатынын маса қайдан білсін!»

         Аю оң жағына аунап түсіп көзін жұмып, есіней беріп еді, тағы да құлағының тұсынан:

         — Ызың-ң! Ызың-ң-ң! – деген дауыс естіледі.

Маса, сірә, аюдың табанынан құтылып кеткен болу керек!

         — Енді қай жеріме қонар екен ол, – деп, ұйықтаған болып, қозғалмай тыңдап жатады аю.

         Маймақ аюдың маңында ызыңдап-ызыңдап жүріп, маса бір мезетте тым-тырыс бола қалады.

         — Ұшып кетті ғой деймін, қарғыс атқан! – деп күрсінеді аю. Маса бұл кезде құлағының түбіне ептеп қана кіреді де шым еткізіп шағып алады. Аю орнынан секіріп тұрады. Шырқ айналып, оң табанымен құлағын салып кеп қалғанда, көзінің оты жарқ ете түседі. «Маса енді аюды шағуды мүлде жадынан шығарар!»

         Қисық аяқ құлағын бір сипап қойып, жайланыңқырап жатады. Енді ұйықтауға болады! Көзін жұма бергені сол-ақ еді, бас жағынан тағы да баяғы ызың естіледі.

         — Бұл не деген беймаза еді?! Неткен жаны берік шіркей! Аю жерге бір түкіреді де маса маза бермеген жерден кетіп қалады. Маймақ аю бүкіл орманды кезіп, бұта-бұтаның арасынан жүріп келеді, ұйқысы келгендіктен, аузын арандай ашып есінейді, ал маса соңынан қалар емес.

«Ызың-ң-ң! Ызың-ң-ң!»

         Аю жүгіре жөнеледі, жүгіре-жүгіре әлі құрып, бір бұтаның түбіне келіп құлайды. Демалып жатып, тың тыңдайды. Маса қайда!

         Орман іші жым-жырт. Көзге түртсе көрінбес қараңғы. Төңіректегі күллі аңдар мен құстар баяғыда-ақ шырт ұйқыға кірген. Жалғыз аю ғана ұйқтай алмай, әбігерленіп жүреді.

         — Міне, пәле! Бір жаман масаның мені осыншалық әурелегенін көрдің бе! Осы мен кәдімгі аюмын ба, жоқ па? Тіпті одан қашып құтылғаныма да мың қат шүкіршілік. Енді рақаттанып ұйқтайтын шығармын, – дейді аю.

         Аю жаңғақ ағашының түбіне барып орналасады. Көзін жұмады да қалғып кетеді. Ол түс көре бастайды. Түсінде орман ішінен араның ұясын тауып алыпты, онда бал тіпті көп екен. Ол ұяға аяғын сала бергенде, кенет:

         «Ызың-ң-ң! Ызың-ң-ң!» деген дауыс тағы естіледі. Маса аюды тағы да қуып жетіпті. Қуып жетіп, оятып жібереді.

         Маймақ аю отырып алып, ызаланып, ыңқылдай бастайды. Ал маса тас қараңғыда оны айналып, біресе қатты, біресе жай ызыңдай береді.

         Ызылдап, ызылдап маса жым-жырт бола қалады.

         Аю тыңдап тұрып, жаңғақ ағашының түбіне жасырына түседі де көзін жұмып, қалғып кетеді, бойы да жылына бастағаны сол еді, маса тағы да ызың ете қалады.

         Маймақ аю бұтаның түбінен шығады да жылап қоя береді. «Соңымнан қалмай қойды-ау, қарғыс атқан! Тұра тұр, бәлем! Таң атқанға дейін кірпік ілмей отырсам да сенің көзіңді жоярмын!»

         Маса күн шыққанша, аюға ұйқы бермейді. Әбден қалжыратып, есін кетіреді. Таң атқанша аю көз шырымын алмайды. Өзін-өзі соққылап, бар денесін көгертеді. Бірақ масаны жеңе алмайды.

         Күн шығады. Ормандағы аңдар мен құстар әбден ұйқысы қанып оянады. Ән шырқап, шаттанысады. Жаңа күнді тек аю ғана көңілсіз қарсы алады. Орман ішінде оған қоян кездеседі. Үсті-басы ұйқы-тұйқы, жүні ұйпалақ-ұйпалақ болған аю аяғын зорға басып, сенделіп келеді. Көзін аша алмайды, құлағынан масаның ызыңы кетпейді.

         Маймақ аюды тәлкектеп, қоян әбден мәз болады.

         — Ай, маса! Жарайсың, маса! – деп, көзінен жас аққанша күледі.

         «Кімді айтса, сол келер» дегендей, манағы таныс маса тап бола кетеді.

         — Аюды көрдің бе?

         — Көрдім! Көрдім! – Қоян күлкіден ішін басып тұр. – Сен қалай жеңдің оны?

         — А, біз жалғыз емеспіз ғой, – дейді маса, – біз сендердей жалғыз-жалғыз жүрмейміз және қорқақ та емеспіз.

         Қоян бір бұтаның түбінде жалғыз шоқиып отырып қалады, ал маса Аюдың артынан ызыңдап ұша жөнеледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

bilim-all.kz

Ертегі: Аю мен маса

ZHARAR » KZ » Қазақша Ертегілер жинағы » Ертегі: Аю мен маса Алпамсадай аю жұдырықтай қоянды ұстап алып, ешбір жазықсыз құлағынан тартып қинайды. Тіпті бір құлағынан бұрап, жұлып тастай жаздайды. Қоян қатты қапаланады. — Құлақ жазылар, көздің жасы құрғар-ау, бірақ кегім тарқамас! Не үшін қорлық көрдім! Маймақ аяққа кездесіп қалсам, құримын ғой! Оған жұлғыза беруге құлағым шыдай ма! Аю осы ормандағы аңдардың ең күштісі, мұңыңды кімге барып шағарсың? Қасқыр мен түлкі де оның араларынан қыл өтпейтін сыбайлас достары! Енді кімнен қорғаныш табармын! – деп жылайды ол. Сол уақытта қалың қамыс ішінен: — Маған қорғала! – деген бір жіңішке дауыс шіңк ете түседі. Қоян сол көзінің қиығын тастап еді, маса екен. — Сен қандай қорғаныш бола аласың? — Ол - аю, сен шіркейсің. Аюға не істей алмақсың сен? Сенде қаншалық күш бар, байғұс-ау! – дейді қоян. — Мен оған ұйқы бермеуге жараймын, – дейді маса. Ыстық орман ішінде аю жанын қоярға жер таппайды. Әбден қалжыраған соң, бүлдірген жапырағының үстіне жатып дем алмақшы болады. Көзін жұмғаны сол еді, нақ құлағының үстінен: — Ызың-ң-ң! Ызың-ң-ң! – деген дыбыс естіледі. Аю масаның даусы екенін тани кетеді. Масаның мұрнына келіп қонатын мезетін күтіп, әзірленіп жатады. Маса айнала ұшып жүреді де аюдың тұмсығына келіп қонады. Маймақ аяқ ойланып жатпайды, бар күшін салып, сол жақ табанымен мұрнын ұрып кеп қалады. «Аюдың тұмсығына қонудың немен тынатынын маса қайдан білсін!» Аю оң жағына аунап түсіп көзін жұмып, есіней беріп еді, тағы да құлағының тұсынан: — Ызың-ң! Ызың-ң-ң! – деген дауыс естіледі.Маса, сірә, аюдың табанынан құтылып кеткен болу керек! — Енді қай жеріме қонар екен ол, – деп, ұйықтаған болып, қозғалмай тыңдап жатады аю. Маймақ аюдың маңында ызыңдап-ызыңдап жүріп, маса бір мезетте тым-тырыс бола қалады. — Ұшып кетті ғой деймін, қарғыс атқан! – деп күрсінеді аю. Маса бұл кезде құлағының түбіне ептеп қана кіреді де шым еткізіп шағып алады. Аю орнынан секіріп тұрады. Шырқ айналып, оң табанымен құлағын салып кеп қалғанда, көзінің оты жарқ ете түседі. «Маса енді аюды шағуды мүлде жадынан шығарар!» Қисық аяқ құлағын бір сипап қойып, жайланыңқырап жатады. Енді ұйықтауға болады! Көзін жұма бергені сол-ақ еді, бас жағынан тағы да баяғы ызың естіледі. — Бұл не деген беймаза еді?! Неткен жаны берік шіркей! Аю жерге бір түкіреді де маса маза бермеген жерден кетіп қалады. Маймақ аю бүкіл орманды кезіп, бұта-бұтаның арасынан жүріп келеді, ұйқысы келгендіктен, аузын арандай ашып есінейді, ал маса соңынан қалар емес.«Ызың-ң-ң! Ызың-ң-ң!» Аю жүгіре жөнеледі, жүгіре-жүгіре әлі құрып, бір бұтаның түбіне келіп құлайды. Демалып жатып, тың тыңдайды. Маса қайда! Орман іші жым-жырт. Көзге түртсе көрінбес қараңғы. Төңіректегі күллі аңдар мен құстар баяғыда-ақ шырт ұйқыға кірген. Жалғыз аю ғана ұйқтай алмай, әбігерленіп жүреді. — Міне, пәле! Бір жаман масаның мені осыншалық әурелегенін көрдің бе! Осы мен кәдімгі аюмын ба, жоқ па? Тіпті одан қашып құтылғаныма да мың қат шүкіршілік. Енді рақаттанып ұйқтайтын шығармын, – дейді аю. Аю жаңғақ ағашының түбіне барып орналасады. Көзін жұмады да қалғып кетеді. Ол түс көре бастайды. Түсінде орман ішінен араның ұясын тауып алыпты, онда бал тіпті көп екен. Ол ұяға аяғын сала бергенде, кенет: «Ызың-ң-ң! Ызың-ң-ң!» деген дауыс тағы естіледі. Маса аюды тағы да қуып жетіпті. Қуып жетіп, оятып жібереді. Маймақ аю отырып алып, ызаланып, ыңқылдай бастайды. Ал маса тас қараңғыда оны айналып, біресе қатты, біресе жай ызыңдай береді. Ызылдап, ызылдап маса жым-жырт бола қалады. Аю тыңдап тұрып, жаңғақ ағашының түбіне жасырына түседі де көзін жұмып, қалғып кетеді, бойы да жылына бастағаны сол еді, маса тағы да ызың ете қалады. Маймақ аю бұтаның түбінен шығады да жылап қоя береді. «Соңымнан қалмай қойды-ау, қарғыс атқан! Тұра тұр, бәлем! Таң атқанға дейін кірпік ілмей отырсам да сенің көзіңді жоярмын!» Маса күн шыққанша, аюға ұйқы бермейді. Әбден қалжыратып, есін кетіреді. Таң атқанша аю көз шырымын алмайды. Өзін-өзі соққылап, бар денесін көгертеді. Бірақ масаны жеңе алмайды. Күн шығады. Ормандағы аңдар мен құстар әбден ұйқысы қанып оянады. Ән шырқап, шаттанысады. Жаңа күнді тек аю ғана көңілсіз қарсы алады. Орман ішінде оған қоян кездеседі. Үсті-басы ұйқы-тұйқы, жүні ұйпалақ-ұйпалақ болған аю аяғын зорға басып, сенделіп келеді. Көзін аша алмайды, құлағынан масаның ызыңы кетпейді. Маймақ аюды тәлкектеп, қоян әбден мәз болады. — Ай, маса! Жарайсың, маса! – деп, көзінен жас аққанша күледі. «Кімді айтса, сол келер» дегендей, манағы таныс маса тап бола кетеді. — Аюды көрдің бе? — Көрдім! Көрдім! – Қоян күлкіден ішін басып тұр. – Сен қалай жеңдің оны? — А, біз жалғыз емеспіз ғой, – дейді маса, – біз сендердей жалғыз-жалғыз жүрмейміз және қорқақ та емеспіз.

Қоян бір бұтаның түбінде жалғыз шоқиып отырып қалады, ал маса Аюдың артынан ызыңдап ұша жөнеледі.

Автор: Umit | 546 | 27.10.2018

www.zharar.com

Аю мен маса

Алпамсадай аю жұдырықтай қоянды ұстап алып, ешбір жазықсыз құлағынан тартып қинайды. Тіпті бір құлағынан бұрап, жұлып тастай жаздайды. Қоян қатты қапаланады.

         — Құлақ жазылар, көздің жасы құрғар-ау, бірақ кегім тарқамас! Не үшін қорлық көрдім! Маймақ аяққа кездесіп қалсам, құримын ғой! Оған жұлғыза беруге құлағым шыдай ма! Аю осы ормандағы аңдардың ең күштісі, мұңыңды кімге барып шағарсың? Қасқыр мен түлкі де оның араларынан қыл өтпейтін сыбайлас достары! Енді кімнен қорғаныш табармын! – деп жылайды ол.

         Сол уақытта қалың қамыс ішінен:

         — Маған қорғала! – деген бір жіңішке дауыс шіңк ете түседі. Қоян сол көзінің қиығын тастап еді, маса екен.

         — Сен қандай қорғаныш бола аласың? — Ол - аю, сен шіркейсің. Аюға не істей алмақсың сен? Сенде қаншалық күш бар, байғұс-ау! – дейді қоян.

         — Мен оған ұйқы бермеуге жараймын, – дейді маса.

         Ыстық орман ішінде аю жанын қоярға жер таппайды. Әбден қалжыраған соң, бүлдірген жапырағының үстіне жатып дем алмақшы болады. Көзін жұмғаны сол еді, нақ құлағының үстінен:

         — Ызың-ң-ң! Ызың-ң-ң! – деген дыбыс естіледі. Аю масаның даусы екенін тани кетеді. Масаның мұрнына келіп қонатын мезетін күтіп, әзірленіп жатады. Маса айнала ұшып жүреді де аюдың тұмсығына келіп қонады. Маймақ аяқ ойланып жатпайды, бар күшін салып, сол жақ табанымен мұрнын ұрып кеп қалады. «Аюдың тұмсығына қонудың немен тынатынын маса қайдан білсін!»

         Аю оң жағына аунап түсіп көзін жұмып, есіней беріп еді, тағы да құлағының тұсынан:

         — Ызың-ң! Ызың-ң-ң! – деген дауыс естіледі.

Маса, сірә, аюдың табанынан құтылып кеткен болу керек!

         — Енді қай жеріме қонар екен ол, – деп, ұйықтаған болып, қозғалмай тыңдап жатады аю.

         Маймақ аюдың маңында ызыңдап-ызыңдап жүріп, маса бір мезетте тым-тырыс бола қалады.

         — Ұшып кетті ғой деймін, қарғыс атқан! – деп күрсінеді аю. Маса бұл кезде құлағының түбіне ептеп қана кіреді де шым еткізіп шағып алады. Аю орнынан секіріп тұрады. Шырқ айналып, оң табанымен құлағын салып кеп қалғанда, көзінің оты жарқ ете түседі. «Маса енді аюды шағуды мүлде жадынан шығарар!»

         Қисық аяқ құлағын бір сипап қойып, жайланыңқырап жатады. Енді ұйықтауға болады! Көзін жұма бергені сол-ақ еді, бас жағынан тағы да баяғы ызың естіледі.

         — Бұл не деген беймаза еді?! Неткен жаны берік шіркей! Аю жерге бір түкіреді де маса маза бермеген жерден кетіп қалады. Маймақ аю бүкіл орманды кезіп, бұта-бұтаның арасынан жүріп келеді, ұйқысы келгендіктен, аузын арандай ашып есінейді, ал маса соңынан қалар емес.

«Ызың-ң-ң! Ызың-ң-ң!»

         Аю жүгіре жөнеледі, жүгіре-жүгіре әлі құрып, бір бұтаның түбіне келіп құлайды. Демалып жатып, тың тыңдайды. Маса қайда!

         Орман іші жым-жырт. Көзге түртсе көрінбес қараңғы. Төңіректегі күллі аңдар мен құстар баяғыда-ақ шырт ұйқыға кірген. Жалғыз аю ғана ұйқтай алмай, әбігерленіп жүреді.

         — Міне, пәле! Бір жаман масаның мені осыншалық әурелегенін көрдің бе! Осы мен кәдімгі аюмын ба, жоқ па? Тіпті одан қашып құтылғаныма да мың қат шүкіршілік. Енді рақаттанып ұйқтайтын шығармын, – дейді аю.

         Аю жаңғақ ағашының түбіне барып орналасады. Көзін жұмады да қалғып кетеді. Ол түс көре бастайды. Түсінде орман ішінен араның ұясын тауып алыпты, онда бал тіпті көп екен. Ол ұяға аяғын сала бергенде, кенет:

         «Ызың-ң-ң! Ызың-ң-ң!» деген дауыс тағы естіледі. Маса аюды тағы да қуып жетіпті. Қуып жетіп, оятып жібереді.

         Маймақ аю отырып алып, ызаланып, ыңқылдай бастайды. Ал маса тас қараңғыда оны айналып, біресе қатты, біресе жай ызыңдай береді.

         Ызылдап, ызылдап маса жым-жырт бола қалады.

         Аю тыңдап тұрып, жаңғақ ағашының түбіне жасырына түседі де көзін жұмып, қалғып кетеді, бойы да жылына бастағаны сол еді, маса тағы да ызың ете қалады.

         Маймақ аю бұтаның түбінен шығады да жылап қоя береді. «Соңымнан қалмай қойды-ау, қарғыс атқан! Тұра тұр, бәлем! Таң атқанға дейін кірпік ілмей отырсам да сенің көзіңді жоярмын!»

         Маса күн шыққанша, аюға ұйқы бермейді. Әбден қалжыратып, есін кетіреді. Таң атқанша аю көз шырымын алмайды. Өзін-өзі соққылап, бар денесін көгертеді. Бірақ масаны жеңе алмайды.

         Күн шығады. Ормандағы аңдар мен құстар әбден ұйқысы қанып оянады. Ән шырқап, шаттанысады. Жаңа күнді тек аю ғана көңілсіз қарсы алады. Орман ішінде оған қоян кездеседі. Үсті-басы ұйқы-тұйқы, жүні ұйпалақ-ұйпалақ болған аю аяғын зорға басып, сенделіп келеді. Көзін аша алмайды, құлағынан масаның ызыңы кетпейді.

         Маймақ аюды тәлкектеп, қоян әбден мәз болады.

         — Ай, маса! Жарайсың, маса! – деп, көзінен жас аққанша күледі.

         «Кімді айтса, сол келер» дегендей, манағы таныс маса тап бола кетеді.

         — Аюды көрдің бе?

         — Көрдім! Көрдім! – Қоян күлкіден ішін басып тұр. – Сен қалай жеңдің оны?

         — А, біз жалғыз емеспіз ғой, – дейді маса, – біз сендердей жалғыз-жалғыз жүрмейміз және қорқақ та емеспіз.

         Қоян бір бұтаның түбінде жалғыз шоқиып отырып қалады, ал маса Аюдың артынан ызыңдап ұша жөнеледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

bilim-all.kz

Астана қаласы №30 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ибраева Динара Амангельдиновна

«Аю мен маса» ертегісіне көрініс

Мақсаты: «Аю мен маса» ертегісіне көрініс көрсету барысында АКТ-ны қолдану, оқушылардың тапқырлығын, іскерлігін, ұйымшылдығын, өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуін, шеберлігін, іскерлігін дамыту.

Мейірімділікке, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

І. «Ертегілер» әні орындалды  (Ақерке).

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар! Бүгінгі семинармен байланыстыра отырып, «Аю мен маса» ертегісінен алынған көріністі  назарларыңызға ұсынғалы  тұрмыз. Ендеше сыныптан тыс тәрбие сағатын  бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІ. Интерактивті тақтадан ертегінің басы көрсетіледі.

(Қоян сыбызғыда ойнап келе жатып аюды кездестіреді.

Аю: Сыбызғыңды берші ойнайын! (Алып қояды)

Қоян: Бермеймін.Қайтар. Ол менің сыбызғым.

Аю: Сенікі еді, менікі болды.

Әрі қарай оқушылар көрініс түрінде көрсетеді.

Қоян  (Ақерке):  Жылап келе жатып түлкіні кездестіреді.

Түлкі  (Айя): Неге жылап тұрсың?

Қоян  (Ақерке):  Аю ренжі .

Түлкі  (Айя): Жүр, мен аюмен сөйлесейін.

Екеуі  сыбызғыда ойнап отырған аюға келді.

Түлкі  (Айя): Аю, ұят емес пе? Қоянның сыбызғысын қайтар. Естисің бе?

Аю  (Олжас): Айқайлама маған! А-а-а.

Түлкінің  қашып кеткені  интерактивті тақтадан көрсетілді.

Қоян  (Ақерке) жылап келе жатып қасқырды кездестіреді.

Қасқыр   (Елнұр): Қоян, не болды?

Қоян  (Ақерке):  Аю сыбызғымды тартып алды!

Қасқыр   (Елнұр): Жүр, мен  саған көмектесемін, аюмен сөйлесейін. Біз екеуміз дос  едік.

Қоян  (Ақерке):  Түлкі де көмектесемін деді, бірақ көмектесе алмады.

Қасқыр   (Елнұр): Ол түлкі, ал мен қасқырмын.

Екеуі  сыбызғыда ойнап отырған аюға келді.

Қасқыр   (Елнұр): Сәлем, аю!  Кішкентайларды ренжітуге болады ма? Баланың сыбызғысын қайтар!

Аю  (Олжас): Саған не керек? Жайыңа жүр. Сыбызғыны бермеймін. Мазамды неге ала бересіңдер. А-а-а.

Қасқырдың қашып кеткені  интерактивті тақтадан көрсетілді.

Көрініс:

Қоян  (Ақерке):  жылап отырғанда маса ұшып келеді.

Маса (Адия): Қоян, неге мұнайдың?

Қоян  (Ақерке):  Сен кімсің?

Маса (Адия): Мен масамын.

Қоян  (Ақерке):  Аю сыбызғымды бермей жатырІ

Маса (Адия):Жылама, мен саған көмектесемін.

Қоян  (Ақерке): Сен кішкентайсың, ал аю үлкен. Қалай көмектеспексің?

Маса (Адия): Кішкентай болсам да, мен батылмын. Мені осында күт, ешқайда кетпе. Қазір аю келіп сенен кешірім сұрайды.

Маса  аюға ұшып барды.

Маса (Адия): Аю, қоянның сыбызғысын қайтар!

Аю  (Олжас): Кет, мазамды алмай!

Маса (Адия): Өз обалын өзіңе!

Маса аюды шақты

Аю  (Олжас): Ауырады ғой!

Аю масадан қашып жүріп құлайды. Қолына таяқ алып, масаның артынан қуып жүріп,  тағы да құлайды. Қолына тас алып масаны өлтірмек болады.

Масаның ұшып қашқаны  және аюдың таудан құлағаны интерактивті тақтадан көрсетілді.

Көрініс:

Аю  (Олжас): Қоян, кешір мені. Міне сыбызғыңды ал.

Қоян  (Ақерке): Ол мүмкін емес! Алақай!

Қоян  (Ақерке): Маса, сен сыбызғымды қалай қайтардың?

Маса (Адия): Ең бастысы – тіл табыса білу.

Қоян  (Ақерке): Енді біз үшеуіміз дос боламыз.

Аю  (Олжас): Мен енді кішкентайларды ренжітпеймін.

ІІІ. Оқушылар «Балапандар» биін биледі.

bilim-all.kz


Смотрите также




Логин
Пароль
Регистрация
Забыли пароль?
[ 2 июня 2012 ]   Кружок пауэрлифтинга и жима лежа
    В нашем клубе успешно начал работу "кружок" пауэрлифтинга и жима лёжа. Наши члены кружка успешно выступили и завоевали призовые места на прошедшем 26-27 мая чемпионате Приволжского Федерального Округа по пауэрлифтингу и жиму лёжа. Мы с радостью приглашаем всех желающих в наш коллектив. Начало работы кружка суббота в 14-30.

[ 5 октября 2012 ]   Как вести себя в тренажерном зале
    Посещение нового тренажерного зала – превосходный способ улучшить собственную мотивацию и режим занятий. Однако спортзал иногда пугает тех, кто никогда ранее в него не ходил. Причем касается это не одних лишь новичков. Даже бывалые члены спортивных клубов иногда пребывают в замешательстве от множества неизвестных им тренажеров и множества накачанных людей. Мы поможем вам и дадим несколько советов, которые помогут вам ощущать себя в тренажерном зале рискованнее.

[ 12 апреля 2012 ]   Советы новичкам. Собираемся в тренажерный зал.
    Вы взяли себя в руки и с завтрашнего дня начинаете ходить в спортзал? Отлично! Вам следует учесть некоторые нюансы.

  Содержание, карта сайта.